0
https://aurakaz.com/ /kk/meni-sebetim/view /kk/kh-sh-iister-2/product/view /kk/meni-sebetim/delete https://aurakaz.com/components/com_jshopping/files/img_products 0 EUR ✔ Product in cart Product added to cart Go to cart Remove Products: Sum total Do not set additional parameters
about image

Aura of Kazakhstan тұңғыш қазақстандық парфюмерлік бренді туған жерге, оның табиғаты мен тарихына деген сүйіспеншіліктен туған. Тау мен даланың, ірі мегаполистер мен тарихи нысандардың иістері – Қазақстанның ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа берілетін қолданбалы өнер бұйымдары, әуендері, күйлері немесе дәстүрлері сияқты мәдени мұрасы.

Біздің парфюмерлік композицияларымыз - Ұлы Даланың тектілік коды, оның тарихы, болашаққа артқан үкілі үміті.

Логотип бейнелемесі қазақ даласы көшпенділерінің тарихи және мәдени мұрасының маңызды құрамдас бөліктерінен көрініс береді. Дөңгелек – алға беталыстың нышаны және көшпелі өмір салтының бейнесі. Бәйтерек пен Самұрық құсының жұмыртқасы – ұрпақтан ұрпаққа таралатын ежелгі аңыздарға көрсетілген құрмет. Тамғалы Тас петроглифтерінің элементтері -Ұлы Дала өркениеттерінің тарихи және мәдени мұрасының әлем тарихындағы маңызын көрсетуші жәдігерлер.

Қазақстан ата-баба тарихы мен дәстүрлерін мәңгі ұмытпайды және ардақ тұтады, бірақ әлемге, инновацияларға және техникалық өрлеуге әрдайым есігі ашық. Бәйтерек түп-тұқиянымыз бен ұмтылыс-ниетімізді өзара байланыстырса, күн кейіпті Тәңірінің шұғыласы Шығыс пен Батыс өркениеттерін географиялық жағынан да, тарихи жағынан да байланыстыратын еліміздің бірегей атмосферасын көрсетеді.

Ароматы Родной Земли в работах лучших европейских парфюмеров
Жаңалықтар мен акциялар