0
https://aurakaz.com/ /kk/meni-sebetim/view /kk/kh-sh-iister-2/product/view /kk/meni-sebetim/delete https://aurakaz.com/components/com_jshopping/files/img_products 0 EUR ✔ Product in cart Product added to cart Go to cart Remove Products: Sum total Do not set additional parameters
Image

Анжелин Побо (Лепорини)

Ірі испандық парфюмерия концернінің жетекші парфюмері.

Анжелин 17 жаста болғанда Египетке мерекелік сапарға барған кезде парфюмериямен қызығуды бастады. Ол өзі осы шикізатқа бірден ғашық болған раушан гүлдерінен эфир майларын айыру фабрикасына барған. Бұл жаңалық Анжелинге химия бакалавры дәрежесін, ал сосын ISIPCA-да магистр дәрежесін алуға түрткі болды.

Оқудан кейін оған Грасседе табиғи құрамдас бөліктер саласындағы тәжірибесімен белгілі парфюмерия үйіне тағылымгер болып жұмысқа орналасу сәті түсті. Аға парфюмер басшылығымен Анжелин хош иістерді жасау үшін табиғи шикізатты пайдалану маңыздылығын және ірі химиялық концерндердің қыспағынан жақын арада қызмет етуін тоқтатуы мүмкін осы саланы қорғау мен сақтау қазіргі күні өзекті екенін түсінді.

Парфюмер әріптестер Анжелинді «жүйелі жасампаз»  деп сипаттайды және ол бұл пікірмен келіседі. Расында, қандай болсын мәселені шешу үшін жүйелі түрде және қайсарлықпен жұмыс істегенде, ақырында үлкен биіктіктерге жетуге болады.

Бір кездері Анжелин күтім және жеке гигиена заттарына арналған хош иістер жасау жұмысына беріліп кетті. Ол терімен ұзақ уақыт ішінде жақын жанасуда болатын хош иістер көз жазбай көңіл бөлуге және неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеуге тұрарлық деп санайды. Алайда бұл оған сонымен қатар «жоғары парфюмерияға» арналған ең талғампаздық және күрделі брифтермен жұмыс істеуге кедергі жасамайды. Ол күрделі парфюмериялық жобаларда жасайтын аккордтар жеке гигиена кремдері мен заттарының иістері үшін жиі шабыт көзі болып тұрады. Анжелин нәзік таңдаулы иістер кез келген қайталанып жасалатын рәсімдерден барынша көп рахат алуымыз үшін бізді күнделікті өмірімізде үнемі қоршап жүру керек деп санайды. Және бұл – заманауи парфюмердің басты ықыластарының бірі.

Анжелин AURA OF KAZAKHSTAN үшін 2 түрлі хош иіс жасап шығарды: 7 as a constant және 30 years special edition.

Image

Себастьян Мартэн, Франция

Себастьян Грасс қаласында орналасқан француз концернінің бас парфюмері болып жұмыс істейді.
Ол өзінің кәсіби парфюмер болғысы келетінін және адамдардың сезімдері мен эмоцияларын оятатын хош иістерді жасап шығарғысы келетінін 13 жасында-ақ түсінген. Мектепті бітірген соң, Грасстағы ASFO жоғарғы парфюмерия мектебінде Талдамалық химия кафедрасында білім алды. Ал 2000 жылы, ASFO-ны бітірген соң, ROBERTET концерніндегі танымал парфюмер Мишель Алмайрактың командасына қосылды.
2009 жылдан бастап Себастьян CREATIONS & PARFUMS-та парфюмер қызметінде жұмысына кірісіп, компанияда қолданылатын алуан түрлі жоғары сапалы шикізатты пайдаланып, өзінің шығармашылық идеяларын іске асыруға мүмкіндік алады. Бүгінгі күнге дейін ол DIOR және Berdoues сияқты белгілі брендтер үшін, сонымен қатар FOUQUET’S (таңдаулы мейрамханалар желісі) және FLEURS DE FESTIVAL - CANNES (Канн фестивалінің хош иісі) сынды жаңа тауашалы жобалар үшін хош иістер жасап шығаруға қатысып үлгерді.
Себастьянның ең сүйікті компоненттері - жемісті-анималистикалық Османтус және амбролы-жұпар сулы Кашмеран. Ол өзінің жұмысында ең маңызды мақсат ретінде жаңа ольфакторлық әсерлер сыйлайтын немесе ең қуанышты және жағымды естеліктерді жандандыратын үйлесімді хош иіс жасап шығару деп біледі.

Себастьян AURA OF KAZAKHSTAN үшін 2 түрлі хош иіс жасап шығарды: Music of Mountains және Land of Tulips.

Image

Сара Маккартни, Ұлыбритания

Тәуелсіз парфюмер, 2011 жылы Хаммерсмитте Виктория дәуірінен қалған тарихи жекежайда «4160 Tuesdays» парфюмерлік шеберханасын құрды, сол жерде уақытының басып бөлігін өткізіп, ерекше авантюралық хош иістерді ойлап табумен айналысады.
Парфюмер болғанға дейін Сара он жылдан астам уақыт бойы Lush-та бас копирайтер болып жұмыс істеді, одан кейін өзінің «The Scent of Possibility» романын жазумен айналысты. Оның кітабының басты кейіпкері адамдарға жан тыныштығын табуға, түйіткілді мәселелерін шешуге және бақыттырақ болуға көмектесетін хош иістерді ойлап табатын парфюмер болды. Романды жариялау кезінде қиындық туындап, Сара өз кітабында егжей-тегжейлі сипаттаған иіссуды өзі шығаруға бел буды.
Өз хош иістер топтамасын жасау ойы сәтті шығып, Сара біртума, аса дарынды қолөнерші парфюмер атағына ие болды. Парфюмерлік сарапшы Лиззи Остром сол иіссуларды таңдап алып, Лондондағы аты аңызға айналған «Scratch+Sniff Speakeasy Scents» шарасында ұсынды. Оларға сондай-ақ Парфюмерлік қоғамның негізін салушы, белгілі парфюмерлік сыншы Джозефин Фэрли де жоғары баға берді.
Парфюмериядан басқа Сара санасын тазартуға және шығармашылық қуатын оятуға көмектесетін йогамен айналысады. Сонымен қатар ол сия қаламдар жинап, топтамасын әртүрлі сирек кездесетін үлгілермен үздіксіз толықтырып тұрады.

Сара AURA OF KAZAKHSTAN үшін 4 түрлі хош иіс жасап шығарды: Pulse of Astana, Heart of Alma-Ata, Wind of the Great Steppe және Saga of the Silk Road.

Image

Лука Сьюзак, Испания

Ең ірі испан парфюмерлік концернінің жетекші парфюмері.
Лука – француз парфюмерлері әулетінің үшінші буын өкілі. Ол бала кезінен отбасылық кәсіпке қызығушылығын көрсеткен, ал 18 жасқа толған соң, арнайы білім алып, бар өмірін парфюмерлік композицияларды жасап шығаруға арнауды шешкен.
Florasynth концернінде бейінді білім алып, парфюмер ретінде алғашқы тәжірибесін жинады. Одан кейін Symrise, Créations Aromatiques, Cosmo International Fragrances, Eurofragance сияқты ірі компанияларда жұмыс істеді. Сол уақытта Amouage, Givenchy, Chopard, Comme des Garcons, Armani, Carolina Herrera, Cerutti, Jil Sander және т.б. ең танымал әлемдік брендтер үшін хош иістер әзірлеуге қатысып жүрді.
Лука – бірнеше беделді кәсіби сыйлықтардың иегері, олардың ішінде Fashion Group International сыйлығы және шығармашылығы мен таланты үшін алған «Prix Lalique» сыйлығы бар.
Парфюмердің сүйікті түсі - теңіз реңдес көкшіл, ал сүйікті жануары – тәкаппар альбатрос. Жанын тебірентіп, жаңа істерге шабыт беретін қаласы – аптап, әрі кереғарлыққа толы Рио де Жанейро.

Лука AURA OF KAZAKHSTAN үшін Black Gold хош иісін жасап шығарды.

Image

Анжела Чампанья, Испания.

Тәуелсіз парфюмер, Angela Ciampagna Alta Profumeria Artigianale көркемдік парфюмерлік бренді мен Label Fine Perfumes Toiletries & Waxes парфюмерлік үйінің ортақ құрылтайшысы, аталмыш парфюмерлік үйде әр өнім Тенерифе аралындағы жеке меншік парфюмерлік кәсіпорында әзірленеді, өндіріледі, құйылады және қапталады.
Анжела - Италиядағы тарихы бай шағын қала Атридің тумасы. Ол парфюмерия өнері мен технологиясын университетте оқып жүргенде өз бетінше үйрене бастаған, Стивен В. Доуэйттің әдісімен эксперименттік тұнба өндірісі бағытында ұзақ уақыт жұмыс істеген.
Анжеланың пікірінше, парфюмердің хош иісті ойлап табу үшін атқаратын жұмысы жай ғана «композиция формуласын» әзірлеу емес. Ол өзінің шеберханасында Еуропада ХІХ ғасырдың басында ашылған көне парфюмерлік ательелердің жұмыс қағидатын ұстанғысы келеді, яғни сол заманғы парфюмер сияқты хош иіс бейнесінің пайда болуынан бастап, түпкі өнімді жасап шығаруға дейінгі бүкіл өндіріс үдерісін рецептура әзірлеу, шикізат таңдау, концентрат өндіру, араластыру, тұндыру, сүзгілеу, сауыттарға құю сатыларында толығымен қадағалағысы келеді.
Анжеланың ең маңызды сыйлықтары - ең үздік тауашалы топтама аталымында De Vita Angela Ciampagna трилогиясы үшін 2018 жылы берілген FiFi Russian Fragrance Awards сыйлығы.
Қазіргі уақытта ол жаңа әзірлемелерінде пайдалану үшін өзінің сірінділер топтамасын жаңа эксклюзивтік шикізатпен толықтыру үшін Тенерифеде эксперименттік бақ өсіру бағытында еңбек етуде.

Анжела AURA OF KAZAKHSTAN үшін The Legend of Tomiris хош иісін жасап шығарды.

Image

Ванесса Пруден, Франция

Ванесса француз парфюмерия саласының жүрегі – Грасс қаласындағы ірі парфюмерлік-косметикалық концернде жетекші парфюмер болып жұмыс істейді.
Ол Нормандияда дүниеге келген, өзінің табиғи хош иістерге құштарлығын сол көркем жерлерде атпен серуендеп жүріп байқаған. Бұл оның химияны оқуына, одан кейін парфюмер болу үшін Париждегі ISIPCA беделді парфюмерлік мектебіне түсуіне түрткі болған. 1997 жылы оқуын бітіріп, Париждегі IFF беделді компаниясында парфюмер мансабын бастауға мүмкіндік алды.
1998 жылы ол Бразилияға саяхаттап (IFF Sao Paulo), жарқын экзотикасы, алуан түрлі табиғат көріністері мен өсімдіктер әлемі, халқының жомарттығы мен жергілікті бірегей тағам түрлері үйлескен бай мәдениетіне тәнті болып келді. Сол көргендері оның алдағы уақыттағы шығармашылығына қатты әсер етті.
2001 жылы Ванесса парфюмерия әлеміне алғаш аяқ басқан жерге қайта оралуды шешіп, әйгілі Грасс қаласында орналасқан компанияда жетекші парфюмер болу ұсынысын қабылдайды.
Ол өзінің композицияларын алуан түрлі етуге және жинаған тәжірибесін барынша қолдануға ұмтылады. Оған саяхаттар мен түрлі тағамдар, қызықты мәдени салт-дәстүрлер мен таза табиғат иістері шабыт береді. Ең сүйікті компоненттері – композицияға жарқындық пен серпін беретін кардамон, мистикалық астары мен кез-келген композицияға жаңа дем бере алатын жұпар иістер, әрі бойында жылулық, сезімталдық пен елеңсіздік үйлескен синтетикалық кашмеран.

Ванесса AURA OF KAZAKHSTAN үшін Silver Edelweiss хош иісін жасап шығарды.

 

Ароматы Родной Земли в работах лучших европейских парфюмеров
Жаңалықтар мен акциялар