Таста гүлдейтін кішкентай ғана күміс түстес гүл – таулардың жан-жүрегі. Оның хош иісі теңіз деңгейінен үш мың метр жоғары тұрған аспан сияқты, мыңжылдық мұздықтардың көкшіл мұзы сияқты нәзік те тұнық. Оның күші –тілектерді орындау, оның сиқыры – махаббатқа жол бастау. Міне, сондықтан да ғасырлар бойы Эдельвейс тау шыңдарының символы, бақыт пен сәттілік әкелетін ең қадірлі тұмар болып есептеледі.