Жан-жаққа кеңінен құлаш жазған Тянь-Шань шыршаларының бұтақтарының арасынан сығалай бастаған күн көзі құрғақ шырша тікенектері мен жас көк шөп толы төсемдіқыздырып жатқандай. Шалғын гүлдер мен саңырауқұлақтардың иісі аңқып тұр. Тау өзенінің тастай суының, мұздықтардың аязды лебі білінеді.