0
https://aurakaz.com/ /kk/meni-sebetim/view /kk/kh-sh-iister-2/product/view /kk/meni-sebetim/delete https://aurakaz.com/components/com_jshopping/files/img_products 0 EUR ✔ Product in cart Product added to cart Go to cart Remove Products: Sum total Do not set additional parameters

"Отанның хош иістері идеясы ауадан туған жоқ, түсімізге де кірген жоқ. Көптеген брендтер кенеттен керемет ой жарқ ете қалғаны туралы әдемі аңыздарды ойлап тауып жатады. Бізде бәрі әлдеқайда қарапайым болды.
Жұмыс барысында шетелдік қонақтарға бірегей базарлықтар мен сыйлықтар іздеу мәселесі жиі көтеріліп, Қазақстанның рухын, ғажайып Отанымыздың әдемі әрі бай табиғатын көрсете алатын өнім сыйлағымыз келетін.
Осылайша алдымен ой пайда болды - елімізде өткізілген ұмытылмас сәттерді еске салатын иістер, хош иістер...
Қажет болса, қазір тағдырдың қалауымен үйден жырақта жүрген адамдарға туған өлкенің хош иісі қандай керемет екенін еске салатын иістер.
Сонымен қатар, соңғы жылдары елімізде отандастарымыз назарын отандық өнімге бұра бастағаны барған сайын айқын байқалады. Біз Қазақстан мақтан тұта алатын бренд жасағымыз келді. Бұл тек бастамасы еді…»
Ольга Бернер, Бас директор

Хош иістер жасау 2018 жылдың күзінде басталды.
Сол кезде, бірінші кезең аясында Қазақстанға Ұлыбританиядан тәуелсіз парфюмер Сара МакКартни шақырылды. Ол Республикамыздың елордасы  Нұр-Сұлтан қаласында және Іле Алатауының баурайындағы әсем Алматыда болды.
Сара Қазақстан Ұлттық мұражайын (Нұр-сұлтан қ.) және ҚР Орталық мемлекеттік мұражайын (Алматы қ.) аралады, онда еліміздің тарихи және мәдени мұрасының экспонаттарын зерттеді. Әлбетте, ол Отанымыздың табиғатының әсемдігіне, байлығына таңдай қақты. Сол сапардың қорытындысы бойынша, алған әсерлерінің негізінде ол Лондондағы зертханасында Қазақстан туралы төрт хош иісті құрастырды: айқын әрі ырғақты елорданың хош иісі, жайлы әрі мейірімді алма атасы Алматының иісі, шетсіз-шексіз даланың хош иісі және Ұлы Жібек Жолы тақырыбындағы иіс-қиял.

"Мені жобаға шақырған кезде жұмыс қызу жүріп жатыр екен. Ағылшын парфюмері Сара Маккартни жасаған алғашқы үлгілер келіп, брендтің әрі қарайғы даму бағыты айқындала түсті.
Сол кезеңде біздің команда шығармашылыққа және жасампаздыққа жақын қызметкерлермен толыға бастады. Біз әр символ, әр нүкте арқылы әлемге туған жеріміздің тарихи және мәдени мұрасының байлығын көрсетуге тырыстық.
Бірақ хош иістер жиынтығын кеңейту қажет деген сезімнен арыла алмадық. Қазақстан тым байтақ, оның табиғатын, өсімдіктер әлемін, бай тарихын тек төрт хош иіспен көрсету мүмкін емес. Жұмыстың екінші кезеңі басталатыны осылай жарияланды…»
Юлия Лукьяненко, Шығармашылық директор

Екінші кезеңде тағы бес парфюмерлік композицияға арналған брифтер жасалып, жетекші парфюмерлік концерндер мен тәуелсіз парфюмерлерге таратылды. Үлгілер әлемнің түкпір-түкпірінен толассыз келіп жатты. Іріктеу қатал болды. Тек композицияның сұлулығы ғана емес, сонымен бірге брифке дәл сәйкестік те маңызды болды. Яғни, иіс жадымызда таныс көріністерді тудыруы керек еді. Туған өлке туралы естеліктерге жан бітіруі керек еді.
Үздік парфюмерлік композициялар анықталып, жабдықтаушылармен келісім-шарттарға қол қойылған кезде біз жаңа кезеңге – тікелей парфюмерия өндірісіне көштік. Қазақстанда.
2020 жыл біз үшін айтулы жыл болды. Қазақстандағы алғашқы отандық парфюмерлік өндіріс іске қосылған жыл. Бұл - үлкен мақтаныш және үлкен жауапкершілік. Бұл - хош иістер салынған қораптардағы "Қазақстандық өнім" деген жазуы бар алғашқы жапсырмалар.

Біздің бүкіл әлемге Қазақстанды тың, бәлкім, күтпеген жағынан ашу, ал отандастарымызға туған жеріне, оның мәдениетіне, тарихы мен сұлулығына зор сүйіспеншілікпен және құрметпен жасалған тағы бір ұлттық брендті ұсыну арманымыз осылай іске асты.

Ароматы Родной Земли в работах лучших европейских парфюмеров
Жаңалықтар мен акциялар
© 2024. AURAKAZ.Tanya Rodnik. All Rights Reserved.