
Ен даладағы ең керемет кез –қызғалдақтар гүлдеп, түрлі-түсті құрақ кілем көкжиек асып, жер бетін көмкеретін көктем мезгілі. Ауада гүлдердің, алғашқы ұяң көк шөптің, ұйқыдан оянған Жер-Ананың иісі аңқып тұр. Қазақстан қызғалдақтардың отаны саналады, өйткені биологтардың пікірі бойынша осы хош иісті гүлшанақтар ең алғаш Тянь-Шань бөктерінде пайда болған.