ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Интернет-дүкеннің сайтын, Интернет-дүкеннің бағдарламалары мен өнімдерін пайдалану кезінде «Аура Казахстана» Интернет-дүкенінің Пайдаланушы туралы ала алатын бүкіл ақпаратына қатысты және «Аура Казахстана» Интернет-дүкенінің www.aurakaz.com веб-сайтын (бұдан әрі «веб-сайт») пайдалану кезінде Пайдаланушы туралы ала алатын бүкіл ақпаратына қатысты қолданылады және «Аура Казахстана» Интернет-дүкенінің иесі ЖК Бернер мен Пайдаланушының арасында жасалған жария Шарт болып табылады.
1. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
«Сайттың әкімдігі» - ЖК Бернердің атынан әрекет ететін, дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу мақсаттарын, өңдеуге жататын дербес деректердің құрамын, дербес деректермен жасалатын іс-қимылдарды (операцияларды) анықтайтын, www.aurakaz.com.веб-сайтын басқару уәкілеттігі берілген қызметкерлер;
«Пайдаланушы» - Интернет-желісі арқылы веб-сайтқа қол жеткізе алатын және интернет-дүкеннің веб-сайтын пайдаланатын тұлға;
«Дербес деректерді өңдеу» - автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе ондай құралдарды пайдаланбай, дербес деректермен жасалатын кез келген іс-әрекет (операция) немесе іс-әрекеттер (операциялар) жиынтығы, оған қоса дербес деректерді алу, жазу, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығарып алу, пайдалану, табыстау (тарату, беру, қол жеткізу), иесіздендіру, бұғаттау, жою, алып тастау;
«Веб-сайттың сервистері» - веб-сайтта пайдалану үшін қолжетімді қызметтер жиынтығы;
«Тауар» - веб-сайтта ұсынылған ассортимент атауларының тізбесі;
«Дербес деректердің құпиялылығы» - Сайттың әкімдігі немесе дербес деректерге қол жеткізуге рұқсат алған басқа кез келген тұлға сақтауға міндетті олардың дербес деректер субъектісінің келісімінсіз таратылуына немесе басқа заңды негіздің болуына жол бермеу талабы;
«Cookies» - веб-сервер жіберген және Пайдаланушының компьютерінде сақталатын, веб-клиент немесе веб-браузер әр жолы веб-сайт парағын ашуға әрекет жасаған кезде веб-серверге НТТР-сұратымда жіберетін деректердің үзіндісі;
«IP-мекенжай» - ІР хаттамасы бойынша құрылған компьютерлік желідегі тораптың бірегей желілік мекенжайы.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Пайдаланушының веб-сайтты пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісімді білдіреді;
Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы веб-сайтты пайдалануды тоқтату керек;
осы Құпиялылық саясаты тек қана «Аура Казахстана» Интернет-алаңында қолданылады, Пайдаланушының веб-сайтта қолжетімді сілтемелер бойынша өте алатын үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және олар үшін жауапкершілік көтермейді;
веб-сайттың Әкімдігі Пайдаланушы берген дербес деректердің дұрыстығын тексермейді, алайда сайттың Әкімдігі Пайдаланушының дұрыс дербес деректерді беретінін және осы деректерді өзекті күйде ұстап тұратынын негізге алады. Қате немесе өзекті емес дербес деректерді бергені үшін бүкіл жауапкершілікті, сондай-ақ болуы мүмкін салдарды Пайдаланушы көтереді.
3. МӘНІ
Осы Құпиялылық саясаты сайт Әкімдігінің веб-сайтта тіркелу, Тауар сатып алуға тыпсырысты рәсімдеу немесе сайттың кез келген Сервистерін пайдалану кезінде сайт Әкімдігінің сұратымы бойынша Пайдаланушы ұсынатын дербес деректерді жария етпеу және олардың құпиялылығын қорғау режимін қамтамасыз ету бойынша Әкімдіктің міндеттемелерін белгілейді;
Осы Құпиялылық саясатының аясында өңдеуге рұқсат етілген дербес деректер келесі ақпараттан құралуы мүмкін: Пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты; Пайдаланушының байланыс телефондары; электрондық пошта мекенжайы (e-mail); Тауарды жеткізу мекенжайы;
веб-сайт келесі деректерді қорғайды: ІР мекенжайды; cookies-тен алынған ақпаратты; браузер (немесе жарнама көрсетуге қол жеткізуді жүзеге асыратын басқа бағдарлама) туралы ақпаратты; қол жеткізу уақытын; жарнама блогы орналасқан беттің мекенжайын; реферерді (алдыңғы беттің мекенжайын);
cookies-тің өшірілуі веб-сайттың авторландыруды талап ететін бөліктеріне қол жеткізу соның ішінде веб-сайтта тапсырысты рәсімдеу мүмкіндігінің жойылуына алып келуі мүмкін;
веб-сайт өзінің Келушілерінің ІР-мекенжайлары туралы статистиканы жинауды жүзеге асырады, бұл ақпарат техникалық проблемаларды анықтау және шешу мақсатымен қолданылады;
жоғарыда аталмаған кез келген басқа дербес ақпарат (сатып алулар тарихы, қолданылатын браузерлер және операциялық жүйелер және т.б.) осы Құпиялылық саясатында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімді сақтауға және таратылмауға жатады.
4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ
Жария шартты жасасу және (немесе) веб-сайтта тапсырысты рәсімдеу үшін веб-сайтта тіркелген Пайдаланушыны сәйкестендіру;
Пайдаланушыға дербестендірілген сайт Сервистеріне қол жеткізуге рұқсат беру;
Пайдаланушымен кері байланыс орнату, оған қоса веб-сайтты пайдалануға, қызмет көрсетуге, сондай-ақ Пайдаланушыдан келіп түскен сұратымдар мен өтінімдерді өңдеуге қатысты хабарламалар мен сұратымдарды жіберу;
сатып алуларды жүзеге асыру үшін есеп жазбасын құру;
веб-сайтты Пайдаланушыға Тапсырыстың күйі туралы хабарлау;
төлемдерді өңдеу және алу, төлемді даулау;
Тауар жеткізуді жүзеге асыру;
веб-сайтты пайдаланумен байланысты проблемалар туындаған жағдайда Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау ұсыну;
Сервистердің сапасын, оларды пайдалану қолайлылығын жақсарту, жаңа Сервистер мен қызметтерді әзірлеу.
Пайдаланушыға веб-сайттың немесе сайт Әкімдігінің серіктестерінің атынан ассортименттің жаңартылғаны, арнайы ұсыныстар, бағалар туралы ақпарат, жүргізілетін іс-шаралар, акциялар және басқа да мәліметтер туралы ақпараттандыру;
жеке емес деректердің негізінде статистикалық және басқа зерттеулерді жүргізу, жарнама хабарламаларын оңтайландыру.
5. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМДЕРІ
Пайдаланушының дербес деректері мерзімін шектеусіз, кез келген заңды тәсілмен, соның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе мұндай құралдарды пайдаланусыз ақпараттық дербес деректер жүйелерінде өңделеді;
сайт Әкімдігінің дербес деректерді үшінші тұлғаларға, атап айтқанда, курьерлік қызметтерге, пошталық байланыс ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына тек қана Пайдаланушының тапсырысын орындау және оны орындау барысы, ған қоса Тауарды жеткізу туралы ақпараттандыру мақсаттарында беруге құқылы екенімен Пайдаланушы келіседі;
Пайдаланушының Дербес деректері Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарына тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен беріледі;
Дербес деректер жоғалған немесе жария етілген жағдайда сайт Әкімдігі Пайдаланушыға дербес деректерді жоғалғаны немесе жария етілгені туралы хабарлайды;
сайт Әкімдігі Пайдаланушының дербес деректерін заңсыз немесе кездейсоқ пайдаланудан, жойылудан, өзгертілуден, бұғатталудан, көшірілуден. Таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заңды әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастыру және техникалық шараларды қабылдайды;
сайт Әкімдігі Пайдаланушымен бірге Пайдаланушының дербес деректерінің жоғалуынан немесе жария етілуінен туындаған залалды немесе басқа кері салдарды болдырмау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
6. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Пайдаланушы веь-сайттың оны пайдалану кезінде сұрататын дербес деректері туралы өзекті ақпаратты ұсынуға міндетті;
Пайдаланушы кез келген уақытта сайттың веб-интерфейсі арқылы дербес деректер туралы ақпаратқа қол жеткізуге және оны редакциялауға құқылы, ол үшін Пайдаланушы өзінің тегін, атын, электрондық пошта мекенжайын және пошталық мекенжайын көрсетіп, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. мекенжайы немесе пошта арқылы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050000, Радостовец көш., 152-үй, К-44 мекенжайы бойынша ЖК Бернерге хат жолдай алады;
сайт Әкімдігі:
- алынған ақпаратты тек қана осы Құпиялылық саясатында көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланады;
- құпия ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етеді, Пайдаланушының алдын ала берген жазбаша рұқсатынсыз жария етпейді, сондай-ақ осы Құпиялылық Саясатында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының берілген дербес деректерін басқа пайдалануға болатын тәсілдермен сатпайды, айырбастамайды, жарияламайды, немесе таратпайды;
- Пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығын қорғау үшін осы сияқты ақпаратты қолданыстағы іскерлік айналымда қорғау кезінде әдетте қолданылатын тәртіпке сәйкес сақтық шараларын қабылдайды;
- анық емес дербес деректер немесе заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда Пайдаланушы, немесе оның заңды өкілі немесе тексеру кезіндегі дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілеттік орган өтініш еткен немесе сұрау салған сәттен бастап тиісті Пайдаланушыға қатысты дербес деректерді бұғаттауды жүзеге асырады.
Әкімдік статистика және жарнама хабарламаларын оңтайландыру мақсаттары үшін үшінші тұлғаларға Пайдаланушының жеке емес деректерін жинауға және талдауға рұқсат беруге құқылы, жеке емес деректерді үшінші тұлғалардың пайдалануы олардың өз құпиялылық саясаттарымен реттеледі, ал сайттың Әкімдігі оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік көтермейді.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Өз міндеттемелерін орындамаған сай Әкімдігі дербес деректерді заңсыз пайдалануға байланысты Пайдаланушыға келтірілген зиян үшін, осы Құпиялылық Саясатында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
Құпия Ақпарат жоғалған немесе жария етілген жағдайда сайт Әкімдігі егер аталған құпия ақпарат төмендегідей болса, жауапкершілік көтермейді:
- жоғалғанына немесе таратылғанына дейін көпшілікке белгілі болып қалса;
- сайт Әкімдігі алғанға дейін үшінші тараптан алынған болса;
- Пайдаланушының келісімімен жарияланған болса.
8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
сайтты Пайдаланушы мен сай Әкімдігінің арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша сотқа талап арызбен жүгінгенге дейін шағым (дауды ерікті реттеу туралы жазбаша ұсынысты) беру міндетті болып табылады;
сайт Әкімдігі шағым берушіге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мерзімнің ішінде шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды;
келісімге келмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сайттың меншікті иесінің орналасқан жері бойынша сот органының қарауына беріледі;
осы Құпиялылық саясатына және Пайдаланушы мен сайт Әкімдігінің арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.
9. ҚОСЫМША ШАРТТАР
сайт Әкімдігі осы Құпиялылық саясатына Пайдаланушының келісімінсіз өзгерту енгізуге құқылы;
жаңа Құпиялылық саясаты, егер Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, оны веб-сайтта орналастырған сәттен бастап күшіне енеді;
осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстар немесе мәселелер туралы веб-сайттың тиісті бөлімінде хабарлануға тиіс;
қолданыстағы Құпиялылық саясаты келесі мекенжай бойынша бетте орналастырылған: https://aurakaz.com/kk/k-piyalylyk-s-yas-ty.