0
https://aurakaz.com/ /kk/meni-sebetim/view /kk/kh-sh-iister-2/product/view /kk/meni-sebetim/delete https://aurakaz.com/components/com_jshopping/files/img_products 0 EUR ✔ Product in cart Product added to cart Go to cart Remove Products: Sum total Do not set additional parameters

30 years special edition, 95 ml, ағаш қорап

Extrait de Parfum, 95ml, ағаш қорап

Бізді махаббат біріктіреді. Отбасына, үйге, Туған жерге…
Махаббат гүлге ұқсас, ол тереңдіктен, жүректің ең жасырын түкпірінен - жарыққа қарай ұмтылады. Және оның сәулесінде құлпырады.
Біз сіздермен жүректерімізді қуаныш пен жылуға толтырып, осымен 30 жыл бойы гүлденіп жатқан ерекше гүлдің әсемдігімен бөліскіміз келеді. Оның нәзік хош иісі салтанатты түрде, әнұран тәрізді жайылады. Оның күлтелері күн сәулесінде алқызыл оттай жанып тұр.
Сіздерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған эксклюзивті лимиттелген басылымды ұсынамыз – 30 Years. Special Edition.
Сауыт аса жоғары сападалы шыныдан жасалған, қолмен жылтыратылған және фирмалық логотиппен безендірілген. Хош иістің символы бейнеленген қола дәуіріндегі сақ қорғанынан табылған тиын пішіндес қолмен жасалған салпыншақпен сәнделген.
 
Бөтелке қолдан өндіріліп,жоғарғы сұрыптағы ағаштан жасалған,жане керемет сападағы ағаш қорапқа салынған.
 
Әрбір қорапта 3 тілде сипаттамасы бар хош иіске арналған дизайнерлік ашықхат және бірегей шектеулі басылым нөмірі бар жекелендірілген сертификат (2 тілде) бар.


Сауыттың көлемі: 95 мл
Жалпы салмағы: 1200 гр
Қораптың өлшемі: 14,5 x 22 x 8 см

 

 


Бағасы: 410 EUR
Саны:
Ароматы Родной Земли в работах лучших европейских парфюмеров
Жаңалықтар мен акциялар